Президент мультибрендті автомобиль зауытының іргетасын қалау рәсіміне қатысты

  Президент мультибрендті автомобиль зауытының іргетасын қалау рәсіміне қатысты <a href="https://t.
Президент мультибрендті автомобиль зауытының іргетасын қалау рәсіміне қатысты
Yayın: 16 Kasım 2022 DÜNYA Google News

 

 

 

 

Жаңалықтар

Жұмыс сапарлары

Президент мультибрендті автомобиль зауытының іргетасын қалау рәсіміне қатысты

2022 жылғы
Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапары аясында Changan, Chery, Haval маркалы автомобильдер шығаратын зауыттың іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

Президентке жобаның төлқұжаты таныстырылып, 2024 жылдың төртінші тоқсанында ашылады деп жоспарланған зауыттың үлгісі көрсетілді. Зауыттың өндіріс аумағы 100 мың шаршы метрден асады. Үш автокөлік маркасының әрқайсысы үшін дәнекерлеу және құрастыру жұмыстарына арналған жеке цех салынады.

Зауыт іске қосылғаннан кейін оның өндірістік қуаты жылына 90 мыңнан астам көлік шығаруға жетеді. Инвестицияның жалпы құны 100 миллиард теңгеден асады. «Astana motors» компаниясы 2200-ге жуық жұмыс орнын ашады.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев жобамен танысқан соң зауыт жұмысшыларымен әңгімелесті.

– Бұл жоба елімізге өте қажет. Сондықтан тәуекел дейміз. Зауыттың жұмысына сәттілік тілеймін. Қытай Төрағасы Си Цзиньпин мырза биыл Қазақстанға келген кезінде келіссөз жүргіздік. Соның ішінде осы жоба туралы да әңгімелестік. Нәтижесінде, міне, бұл жоба іске асырыла бастады. Құтты болсын! – деді Президент.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-multibrendti-avtomobil-zauytynyn-irgetasyn-kalau-rasimine-katysty-15103211

 

 

Son Güncelleme: 16 Kasım 2022