Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Adana °C

Қазақстан мен Еуропалық Кеңес президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

Қазақстан мен Еуропалық Кеңес президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
REKLAM ALANI
28.10.2022
A+
A-

 

 

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Қазақстан мен Еуропалық Кеңес президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

2022 жылғы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишель келіссөздерден кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді.

Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельдің Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келіп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ бұл біз үшін үлкен мәртебе екенін айтып, өзінің шақыруын қабыл алғаны үшін шынайы ризашылығын білдірді.

– Келесі жылы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толады. Сондықтан Шарль Мишель мырзаның сапары осы мерейлі меже қарсаңында өтіп отырғаны ерекше қуантады. Біз бұл сапарға айрықша мән береміз. Президент Мишельдің Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосып отырған сүбелі үлесін жоғары бағалаймыз. Біз екіжақты ықпалдастығымызды жаңа сапалы деңгейге көтеру үшін кең ауқымды әрі мазмұнды келіссөздер жүргіздік. Кездесуіміз өзара сенім және түсіністік рухында өтті. Біз мазмұнды саяси диалогтың қарқынын одан әрі күшейтеміз деп уағдаластық. Сондай-ақ Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясындағы стратегиялық әріптестігімізді нығайтуға ниетті екенімізді растадық, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақты Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. 30 жыл ішінде Қазақстанға Еуропадан тартылған инвестиция көлемі 160 миллиард доллардан асқан. Ал биылғы 8 айда Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы тауар айналымы 43 пайызға өсіп, 26 миллиард долларға жетті.

Мемлекет басшысы Шарль Мишельмен кездесу барысында энергетика, «жасыл» экономика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы іс-әрекетімізге оң баға бергендеріне тоқталды. Президенттің айтуынша, тараптар өзара тиімді іс-әрекетімізді одан әрі күшейту үшін бірлесе күш-жігер жұмылдыруға келіскен.

– Әсіресе, аса маңызды шикізатты тасымалдау және жасыл сутегі энергетикасын дамыту мәселесінде мол мүмкіндігіміз бар Сонымен қатар, халықаралық көлік дәліздерін дамытудың маңыздылығын атап өттік. Бұл – қазіргі геосаяси жағдайда өте өзекті мәселенің бірі. Сондай-ақ, Еуропалық Одақтың «Транскаспий халықаралық көлік бағытын» қолдау мүмкіндігін қарастырдық. Бұдан бөлек, Еуропа санкцияларының Қазақстан экономикасына ықпалын болдырмау мәселесін талқыладық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тараптар демократия, адам құқықтары және заң үстемдігін сақтау салаларындағы диалогты одан әрі кеңейту мәселелерін де талқылады. Мемлекет басшысының айтуынша, Шарль Мишель еліміздің жаңа даму кезеңі – Әділетті Қазақстан құру жолында жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларымызды қолдайтынын жеткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еуропалық тараптың түрлі бағдарламалар аясында елімізге көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс білдіргенін айтты.

– Келіссөздер соңында өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмастық. Сондай-ақ, Ауғанстандағы қазіргі жағдайға, Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдерімен өңіраралық қатынастарына ерекше назар аудардық. Осы ретте, мен Президент Шарль Мишельге бүгін түстен кейін елордамызда С5+ форматында өтетін кездесуге қатысуға шақыруымды қабыл алғаны үшін ризашылығымды білдірдім. Алдағы уақытта біз халықаралық деңгейде күш-жігерімізді біріктіріп, үйлесімді жұмыс істеуге келістік, – деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі келіссөздердің табысты болғанына тоқталып, ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша бірқатар келісімге қол жеткізгендерін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыстарды одан әрі нығайта түсуге Шарль Мишельдің осы сапары елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қазақ халқына қонақжайлығы үшін алғыс айтып, Республика күнімен құттықтады. Сондай-ақ бүгінгі келіссөздер барысында маңызды келісімдер мен басты сын-қатерлер талқыланғанын айтты.

– Біздің байланысымыз берік әрі одан әрі нығайып келеді. Орталық Азия мен Еуропа бір-біріне жақындай түсіп, арадағы байланыс нығайып келеді. Қазақстан – Еуропалық Одақтың маңызды серіктесі, сондай-ақ халықаралық аренадағы және өңірдегі ықпалды мемлекет. Сізді Еуропалық Одақ пен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алғашқы кездесуін ұйымдастырып отырғаныңызбен құттықтағым келеді. Орталық Азия елдерімен берік ынтымақтастық аймақтың дамуына және қауіпсіздігіне жол ашады. Бүгінгі кездесу екі өңірдің арасындағы саяси диалогтан да жоғары мәнге ие, – деді Шарль Мишель.

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-men-europalyk-kenes-prezidentteri-bak-okilderi-ushin-brifing-otkizdi-2791042

 

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.