Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

  Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады <a href="https://t.
Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады
Yayın: 05 Mart 2023 SİYASET Google News

 

 

Жаңалықтар
Ақорда
Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады
2023 жылғы 23 ақпан
Мемлекет басшысына Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берілді. Биыл қаңтар айында қаланың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы инвестициялық және іскерлік белсенділіктің өсуі есебінен 136,7 пайызға дейін артты. Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 21,9 пайызға ұлғайды. Экономиканың даму қарқынын сауда, көлік және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы өсім қамтамасыз етті.

Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын әзірлеудің негізгі тәсілдері жөнінде баяндады. Оны дайындау барысында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 қарашада Алматы жұртшылығымен кездесуінде айтқан тапсырмалары ескерілген.

Президент қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынылған шаралар мен биылғы екінші жартыжылдықта сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады. Бұл шаһардағы нысандардың құжаттарын жаңартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына қала ішінде «жасыл дәліздер» жасау үшін Дүниежүзілік банкпен бірлесе әзірленіп жатқан іс-әрекет жоспары бойынша аралық есеп берілді. Бұл бастама аясында жасыл желегі мол аумақтардың ауданын ұлғайту, соның ішінде өзен арналары мен каналдар бойын көгалдандыру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек Президентке Алматының Индустриялық аймағында автомобиль кластерін құру барысы баяндалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев нақты табыстың артуын қамтамасыз етуге және қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған шараларды күшейту жөнінде тапсырма берді.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-almaty-kalasynyn-akimi-erbolat-dosaevty-kabyldady-231742

 

 

Son Güncelleme: 05 Mart 2023